Қалихан Ысқақ

Цитати

merwertцитує2 роки тому
Адамның бір әлсіздігі сол, кейде өз сырыңды басқа түгіл өзіңе ақтара алмайтын кез болады. Сондықтан бірдің көңіліндегі асыл арман жүздің көкейіне дық салмай елеусіз қала береді.
merwertцитує2 роки тому
Көңілдің де қысы, жазы, көңілдің де көктемі мен шуағы бар. Тіршілікте тар кеудеге өмірдің қай қиясы өшпестей із қалдырса, сол бір сәтте ғұмыр бойы адам сарайында, тоқпақтай жұмыр басында жатталып қала беретін сияқты. Жыл өткенде еске түсіріп отырсақ соның ішінде не там көңіл шақ, немесе тәтті бір ләззат айлары ойға алдымен сап ете қалады. Бұдырсыз - бұлдыр кезеңі жан жаратылысының аласапыран мезгіліндей сан қиналып - толғансаң да екінші қайтып елес тастамай-ақ жым-жылас күйінде өте шығады.
merwertцитує2 роки тому
Қызық - ау шіркін бұл өмір. Осы сәтте сол өмір дегенің маған мына ирелендеп жатқан күре жол тәрізді көрінді. Оның да қиыр-шиыр, кедір-бұдыры бар. Біреулер бұл жолдан абың - күбің сарқырап өте шығады, біреулер соның қиясына жолығып мықшыңдап жатқаны. Бұл жолда адасатындар да болады, таласатындар да болады, табысатындар да болады. Енді бір жылмақайлар ебін тауып, "жалғанды жалпағынан басып", жыртылмай – ақ лайым ылдиында жүреді. Бірақ бәрін де жақсыны да, жаманды да бір арнаға тоғыстыратын, біріне – бірін танытатын осы күре жол ғой деймін.
fb2epub
Перетягніть файли сюди, не більш ніж 5 за один раз