bookmate game
kk

Издательские решения

  • qadyrovtnцитує2 роки тому
    Қазақтың ар-ожданын аяққа таптатпаймын деп, жас жүректері лүпілдеп соққан екі ер келіп отыр отыңның басына. Біле білсең, бұлар бізге келген — құт.
  • qadyrovtnцитує2 роки тому
    Кенет терезенің алдынан овчаркаларын арпылдатып, бес-алты солдат жүгіріп өтеді. Сырттан: Ддержите! Не упускайте! Бей!.. Пни! Не жалейте!!..» деген үн естіледі. «Апа!.. Апажан!…» деп, құлындағы даусы шырқырап шыңғырған қыз баланың дауысы түн тыныштығын тіліп өтеді. «Ах, ты дикарь, тебе надо было пасти овец, а не демонстрировать тут свою грамотность!..» деген қырылдай шыққан, тістенген, ызалы үн де естіліп жатады.
  • qadyrovtnцитує2 роки тому
    Баймырза қабырғада тұрған радиоқабылдағыштың түймесін басып қалады. Радиодан диктор үні естіледі. «Бүгін 1986 жылдың 18-желтоқсаны. Алматы уақыты бойынша кешкі сағат 22.00. Соңғы хабарларды тыңдаңыздар. Үстіміздегі жылдың 17 және 18 желтоқсан күндері астанамыздағы Л.И.Брежнев алаңына бір топ наркомандар мен олардың ықпалына ерген оқушы жастар ереуілге шықты. Олар Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің соңғы пленумының шешімдеріне наразылық білдіріп, ұлтшылдық, экстремистік, сепаратистік ұрандар көтеруде, сөйтіп, сүйікті партиямыздың айбынды авангардының салиқалы, парасатты шешімдеріне шәк келтіруде. Қазір алаңға шыққандардың арасында наркомандармен бірге маскүнемдердің де, түрмеден қашқандардың да үлкен тобы бары анықталып отыр. Республика еңбекшілері бұзақыларға қарсы өздерінің әділетті ашу-ызаларын білдіріп, олардың іс-әрекетін қатаң айыптауда. Осы кезге дейін редакциямызға сондай әділетті ашу-ызаға толы хаттар легі толассыз келіп түсіп жатыр. Енді сіздерді солардың бірнешеуімен таныстыра кетейік. Хат авторларының арасында қарапайым еңбекшіден бастап үлкен қоғам қайраткерлері, әйгілі халық әртістері, жазушылар, ғалымдар, интеллигенция өкілдері бар…»
    Баймырза ызалана мырс етіп, радиоқабылдағышты өшіріп тастайды.
  • qadyrovtnцитує2 роки тому
    Қарағым-ау, бақандай он жыл отырып келді ғой бұл ағаң. 49-да кеткен, содан 59-да оралды ғой арып-ашып. Кенесары Қасымов деген ханды естулерің бар шығар, бұл ағаң со кісіні ұлт-азаттық көтерілісінің батыры деп еңбек жазған.
  • qadyrovtnцитує2 роки тому
    Мана алаңға қаладағы қазақ мектептерінің жоғары класс оқушылары да шыққан. Неше түрлі ұрандар жазылған плакаттар, транспоранттар көтеріп алыпты олар да.
  • aygerimmagzhanцитуєторік
    «Дәулет, мен 1 айда 2—3 миллион рубль табыс тапсам, келесі айда сол соманы жоғалтып та аламын» дейді. «Бұл саған ұнай ма?
  • ZHUSSIPALI SLAMKULцитує3 місяці тому
    Біз үнемі бізге немқұрайлы қарайтын адамдарға әсер қалдыру үшін мүмкіндігімізден көп шығынданамыз.
  • ZHUSSIPALI SLAMKULцитує3 місяці тому
    тәуекелдерді әртараптандыру, менеджмент өкілеттілігі, яғни уақытты үнемдеу және операциялар үшін комиссияға ақша үнемдеу. Адамдарды басқаратын қорлар,
  • qadyrovtnцитує2 роки тому
    Коммунистік проспектісінің бойымен мен де жүгіріп келе жатқам — алдымнан бойшаң екі солдат шыға келді. Дереу тура менде әкелерінің ақысы кеткендей жолымды кес-кестей берді. Біреуіе айналып өте бергенімше болған жоқ, екіншісі тура шашымнан уыстап ұстап алып, жерге алып ұрды, — мен шыңғырып барып, жолдың жиегіндегі тастың үстіне ұшып түстім. Бір сәтке есімнен танып қалыппын. Жаңағы солдат бір қарасам, осы Қайсармен алысып жатыр екен. Қысқасы, Қайсар ер екен, ананы да, екі жағындағыны да екі жаққа жалпасынан түсіріп, мені сүйрелей қашты. Екеуміз сөйтіп қашып жүріп, сіздің үйден бір-ақ шықтық. Әйтпесе, бұрын бір-бірімізді мүлде танымаймыз.
fb2epub
Перетягніть файли сюди, не більш ніж 5 за один раз