Шерхан Мұртаза

  • b3265737560цитує2 роки тому
    Түнді құдай тыныштыққа, күндіз көрген азабыңнан бір мезгіл арылып, тәтті құшаққа, тәтті ұйқыға кіруге жаратқан
  • b3265737560цитує2 роки тому
    Бұл дүниенің жүзінде өткінші емес кім бар дейсің?! Бәрі өтеді, Дауылбай да өтеді. Қара жер қараны да, төрені де, жарлыны да, байды да бірдей етеді. Бір өлмесе Ескендір Зұлқарнайын өлмес еді. О да кетті. Топырақ болды. Кім біледі, сол топырақтан бір байғұс балшық илеп, қыш құйған шығар
  • Asylzatцитує2 роки тому
    Мәдениет жоқ жерді жабайылық жайлайды.
  • b7888597300цитує2 роки тому
    аңырақ ауылы ұлардай шулап, Жылы-Бұлақтан көшкенде, осы Тайлақ жерге етбетінен жата қалып, қос қолымен топырақ уыстап, сол топырақ оның көз жасына шыланған. Сөйткен Тайлақ енді Кузьминнің малының тілеуін тілеп, құлақкесті құлға айналып, тұяқ серпер түрі жоқ.
  • Uldana Serikkyzyцитуєторік
    Өзіңді-өзің, жұбатпасаң, өзіңді өзін жылытпасаң, сені кім жұбатады, кім жылытады?
  • Ayaulym Ilyasovnaцитуєторік
    Айдан басқа мұң шағатын кімім бар?
  • qadyrovtnцитує2 роки тому
    Заң дегеніміз – өрмекшінің торы: әлсіздер тұтылып, әлділер құтылып кете береді.
    Бір кем дүние.
  • qadyrovtnцитує2 роки тому
    Жалған дүниеден өтер алдында жарты әлемді жаулаған Әмір Темір жанындағыларға аманат айтты:
    – Мен өлген соң жылап-сықтап, дауыс көтермеңдер. Оның түкке қажеті
    жоқ. Ажалды біреу айқайлап,қорқытып қуады ма екен? Киімдеріңді жыртып, жынды адамша жүгіргеннен гөрі Алладан «Аллаһу акбар» деп маған мейірім тілеңдер. Жүрегімді жылыту үшін «Фатиханы» оқыңдар.
    Жарты әлемді жаулаған Әмір Темір де мейірімге мұқтаж.
  • qadyrovtnцитує2 роки тому
    Дүние жаралғалы бері Ай Күнге жете алмай келеді. Олар о басында ерлі-зайыпты екен, екеуінен жұлдыздар туған.
  • b6642922256цитує2 роки тому
    Жоғарылап бара жатқан адамның етегінен тартып, кедергі жасайтындар, көре алмайтындар алдымен өз ағайының емес пе? Өз жұртың күншіл, қайын жұртың сыншыл.
fb2epub
Перетягніть файли сюди, не більш ніж 5 за один раз