bookmate game

Сұлтанмахмұт Торайғыров

  • Лайык Кыдыркожацитує2 роки тому
    Кәпір жоқ, мұсылман жоқ, мал мен адам

    Бәрі де айырмасыз бауыр маған.

    Пайда, зиян, ұят не,- мен білмеймін

    Менің үшін сөз һәм жоқ деген жаман.

    Менде жоқ: мынау орыс, мынау қазақ,

    Не мақтау, не кемсіту, қорлау, мазақ.
  • Лайык Кыдыркожацитує2 роки тому
    Мен жігіт, он бес - отыз арасында,

    Бұл жаста көп: бересі-аласым да.

    Алдымда толған мақсат, толған таңдау,

    Алайын мынасын ба, анасын ба?
  • Лайык Кыдыркожацитує2 роки тому
    «Асығыс жоқ, мен әлі жетем» деймін,-

    «Дәл бүгін жетпедім деу бекер» деймін.

    «Сондай бақыт табуға мен әуелі -

    Сондай бейнет һәм еңбек етем» деймін.
  • Лайык Кыдыркожацитує2 роки тому
    Қарын тоққа қанағат қылатұғын,

    Мен емес, тәнім тірі, жаным өлік.

    Ірі мақсат болмаса, ұсақ іске,

    Неге мен алданайын уақыт бөліп.
  • Тимурцитує2 роки тому
    "Жақсыдан жаман туса - емі болмас, жаманнан жақсы туса - теңі болмас"
  • b2691949379цитує2 роки тому
    ұлу Қамар, ақын Қамар, жаным Қамар,
    Қамаржан, сені ойласам, ішім жанар.
  • Мадина Тулегенцитує2 роки тому
    тұрған әке-шешесі тағы бар: оларды тастау оңай болып па? "Теңі келсе тегін бер" дегенге көне қоятын қазақ па? Өйтпек тұрсын, "Қамар" деп аузынан шығарса-ақ айып салып, бірдеңесін өлтіргеннен жаман тергеуге алатын жайы бар. Міне, бұған Қамардың көзі жеткені секілді, Ахметтің де көзі жетіп, "әйтеуір түпкілікті бола алмайтынымыз ақ,
    олай болғанда нақақ біреуді қаралауда қанша пайда деп, олай-былай құмартып құрыстап келгенмен, ақылға жеңдіріп тоқтала беруші еді.

    Жалғасы

  • Мадина Тулегенцитує2 роки тому
    Ғибрат ал мен сорлыдан, қазақ қызы!
    Түйрейтін мал менен шал - саған бізі.
    Оңбайды бұл әдетпен қазақ халқы,

    Ақын әйел теңсіздігіне қарсылығын кейіпкер сөзі арқылы жеткізуде

  • Alikhanцитує2 роки тому
    ойы онға, ақылы алтыға бөлініп
  • b7273399941цитує2 роки тому
    Ол рас, менің жоқ қой басар тауым,
    Нәрсенің көз алдымда бәрі жауым.
    Жалғыз-ақ тиыш жерім - қараңғы көр,
    Сонда барып жатамын, бар ма дауың?
fb2epub
Перетягніть файли сюди, не більш ніж 5 за один раз