Баққожа Мұқай

  • b3299270684цитує2 роки тому
    Біз бәріне қызмет еттік, қарағым. Тек адамға, туған халқымызға қызмет еткен жоқпыз.
  • Тогжанцитує2 роки тому
    Түлкі заманда тазы болып шалу керектігін ерте түсінгендердің мақсатына оңай жететінін Аяған білгелі қашан. Қазіргідей сырты жылтыр, іші бұлдыр заманда Алдияр Ақпанұлы айтқан тәсілмен күресіп, мұратқа жету мүмкін еместігін жердің астындағыны білетін ғұлама Алдияр қарсыластарынан ақылының аздығынан емес, айласын асыра алмағандықтан жеңілді. Заманның құбылып тұратын мінезіне бейімделіп, керек кезінде жалынып, жалбарынып, аяққа жығылып үйренген уақыттың құлақ кесті құлдары оны алып та, шалып та жықты. Қарсыласуға шамасын келтірмеді мүлде. Өмірдің талай өткелегінен өтіп, отқа салса күймейтін, суға салса батпайтындай болып піскен кәрі тарлан өзінен тәлім алған бір үйір күшіктің талауына түсіп, құр сүлдерін әрең алып шықты. “Құдай – хақ, уақыт – ақиқат” деп осы өмірінде өзгенің ала жібін аттамай, қиялындағы абсолютті шындыққа сеніп жүріп жеткен жері осы болды.
  • Тогжанцитує2 роки тому
    Мыналарға қор болған қайран орын-ай” дейтін Мұсахан қария әлгілерден түңілгенде.
  • Тогжанцитує2 роки тому
    Мұсахан мен Айғанымның бала-шағасының амандығынан басқа тілегі жоқ еді. Ерлі-зайыпты екеуі үшін жетеуінің амандығынан асқан байлық та, бақыт та болмайтын.
  • b8819212109цитує2 роки тому
    Кектескен жаумен кескілесіп тұрып өлісуге шыдайтын ұл болмаса, сондай ұлды туғызып тұрған ел болмаса қазақтың қай ісі өрге басар дейсің
  • b6013374151цитує2 роки тому
    “Кектескен жаумен кескілесіп тұрып өлісуге шыдайтын ұл болмаса, сондай ұлды туғызып тұрған ел болмаса қазақтың қай ісі өрге басар дейсің”.
  • b3299270684цитує2 роки тому
    – Ұлттық сөзім өлген жерде адам да өледі,
  • b3299270684цитує2 роки тому
    Бұл туған әкесін ғана емес, туған халқын, ата-баба салтын жек көрудің белгісі.
  • b3299270684цитує2 роки тому
    Ұлтын сүймейтін, ана тілін білмейтін жанның жәндіктен айырмашылығы қайсы? Оған өнердің, әдебиеттің, тарихтың, мәдениеттің, қысқасы, ештеңенің керегі жоқ.
  • b3299270684цитує2 роки тому
    Мен кетемін қазір! Ауылға, балаларыма барамын!..– деп Аяған жымиып күлді. Тамағын ып-ыстық қатты зат келіп кептелді, екі көзінен мөлт-мөлт етіп шыға келген тамшыларды сұқ саусағымен қағып тастады.
fb2epub
Перетягніть файли сюди, не більш ніж 5 за один раз