bookmate game
kk
Безкоштовно
Шерхан Мұртаза

Сол бір күз

7 паперових сторінок
Уже прочитали? Що скажете?
👍👎

Враження

  • b8312624741ділиться враженням3 роки тому
    👍Раджу

  • b2265738920ділиться враженням3 роки тому
    👍Раджу

  • Ydyrys Dauletkhanділиться враженням5 років тому
    👍Раджу
    💧Зворушлива

Цитати

  • gulnaz199560423цитує7 років тому
    гіме
    Биікте-биікте шу-шу етіп құрқылтай ұшып жүр. Мыңбұлақтың бір бұлағы — Шоқыбас сайы. Жарқабағы шұрқ тесік: жыбырлаған құрқылтайдың ұясы. Құстар ұяларын тастап қыс болмайтын жаққа кетпекші.
    Соны көріп, қыстың келе жатқаны Ноянның есіне түсті. Торы тайдың үстінде күн шуақтап отырса да, аяз қарып өткендей тұла бойы түршікті. Былтырғыдан да ауыр қыс болатынын бала жүрегі күн ілгері сезгендей. Қырық үшінші жылғы қыс естен, сірә, шыға қоймас.
    Ноян былтыр желтоқсанда тобан аяқ болып мектепке бара алмай қалған. Тәңірі жарылқағыр, Тимофей шал көтерем өлген өгіздің терісінен шикі шоқай тігіп беріп әбүйір болған. Шоқай су тисе езіліп жүре беретін. Бірақ шұлғауын қалың орап, ілекерлеп мектепке барып қайтуға жараушы еді.
    «Биыл қыста өгіздің терісі табыла ма, табылса оны Тимофей тағы тігіп беруге келісе қоя ма?..»
    Ноян торы тайдың күзеген жалын сипап осыны ойлады. Тай бұл күнде жуасып қалған. Оттамастан мүлгіп тұр. Ол да бір ойдың шырмауында сияқты. Торы тайдың енесін былтыр әскерге алған.

На полицях

fb2epub
Перетягніть файли сюди, не більш ніж 5 за один раз