kk
Безкоштовно
Абай Құнанбаев

Қарасөздер мен очерктер

  • birzhanbest11цитує9 років тому
    һәмма ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз надан арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады.
  • adlet800цитує8 років тому
    Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады.
  • Думан Бықайцитує5 років тому
    Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ
  • tairseilgazinцитує6 років тому
    Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ақиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің?
  • Нурсултан Рахменшеевцитує4 роки тому
    Кеселді жалқау, қылжақбас,

    Әзір тамақ, әзір ас,

    Сыртың — пысық, ішің — нас,

    Артын ойлап ұялмас, –
  • birzhanbest11цитує9 років тому
    Мұның бәрі төрт аяқты малды көбейтеміннен басқа, ойының жоқтығынан, өзге егін, сауда, өнер, ғылым — солар секілді нәрселерге салынса, бұлай болмас еді.
  • Рахым Зиядановцитує2 роки тому
    әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз надан арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады.
  • b5312690332цитує2 роки тому
    Әуелі құдайға сиынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды
  • Жанар Шаменовацитує4 роки тому
    БІРІНШІ СӨЗ

    Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық — әурешілікті көре-көре келдік.
  • b7473101597цитує4 роки тому
    Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ақиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?
fb2epub
Перетягніть файли сюди, не більш ніж 5 за один раз