kk
Безкоштовно
Батырлар жыры

Мәулімнияз - Едіге

92 паперові сторінки
Уже прочитали? Що скажете?
👍👎

Враження

  • Жансерик Жунисділиться враженням5 років тому
    👍Раджу
    🔮Мудра
    💡Пізнавальна
    🎯Корисна
    💞Романтична
    🌴У відпустку
    🚀Неможливо відірватися
    😄Весела
    🐼Добра
    💧Зворушлива

    Өте жақсы

Цитати

  • b4958932292цитує5 років тому
    БАБАЛАР СӨЗІ» СЕРИЯСЫНАН
    БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
    МӘУЛІМНИЯЗ – ЕДІГЕ
    – Ассалаумағаләйкүм,
    Әзіретті, пірім-ай!
    Менің көрген түсімді,
    Отырмысың біліп-ай?
    Уағдадан тайды кеуілім,
    Жаңа бір түсті көріп-ай.
    Жолығып түсте періге,
    Соған болдым жерік-ай.
    Соны іздеп таппасам,
    10. Уақытым қош болмас,
    Бұл жалғанда жүріп-ай.
    Айырылып тұрмын әдеттен.
    Қалып тұрмын әдептен,
    Ісім болмай қызметпен,
    Күндегі жұмыс, дәретпен.
    Тақсыр-ай, өзің білесің,
    Мүридіңе кәр етсең.
    Ықыласыңмен бата етсең,
    Көрсеткен түсті Құдайым.
    20. Ойлаймын пейіш-жәннеттен,
    Ықтиярым кетіп тұр.
    Сізге істейтін құрметтен,
    Жарымды көріп түсімде,
    Ұстадым оны білектен.
    Уағда қылдым сонымен,
    Табамын іздеп дерекпен.
    Ата-еке, рұқсат жауап бер,
    Кеземін жаһан себеппен.
    Дұғаңа қарай көз тұттым,
    30. Шын ықылас, тілекпен.
    Тұруға болмай тұр тағат,
    Кідіре алмай бір сағат.
    Диуанаға айналдым,
    Ойдан кетіп инабат.
    Мен іздеймін, іздеймін,
    Кәнеки, Пірім, жауап қат?
    Сіз білмейсіз, мен көрдім,
    Көргенім анық асылзат.
    Қайтсемде іздеп табамын,
    40. Болмаса да перізат.
    Іздемей қайтып тұрайын,
    Көрсетті Құдай ақиқат.
    Түсімде көріп бір сұлу,
    Ғашық болдым соған-ай.
    Қайдан іздеп табамын,
    Қалайша адам болам-ай?
    Түсімде көрген сұлудың
    Айтқан сөзі мынадай:
    “Жауап ал, – деді, – бабаңнан”,
    50. Сұлу екен көркемді,
    Ажары асқан әлемнен.
    Қызыл ерін, ақша бет,
    Қасы сұлу қаламнан.
    Жазық маңдай, жаудыр көз,
    Шашы сұлу таралған.
    Тартқан сымнан жіңішке
    Белі нәзік бұралған.
    “Мені іздесең тап, – деді, –
    Тоғыз жолдан тоғысқан.
    60. Тұңғиықты қарасу,
    Төрт бұлақты аралдан.
    Көк бидайық, алтын тақ,
    Күн шығысқа барасың.
    Мені іздеп таппасаң,
    Сөзіме айтқан нанбасаң,
    Артық жерің сенің жоқ,
    Даладағы қабаннан”.
    Табалмасам мен сонан,
    Мен болам, – деді, – қабандай.
    70. Баба Әзірет, Пір едің,
    Халық тұтқан нұр едің,
    Мен қызметіңде жүр едім.
    Бата беріп жіберсең,
    Жолына беріп жіберсең,
    Сізден болса жақсылық.
    Батылмен мен де білемін,
    Ұлықсат, ата, берсеңіз,
    Жолына соның кетемін.
    Сонда пірі айтады:
    80. – О, уағалейкүмәүссалам,
    Не дейсің, Мәулім балам-ай?
    Енді саған сөз қонбас,
    Болыпсың мықты алаң-ай.
    Көрген түсті жорытсаң,
    Болмай ма еді маған-ай?!
    Перінің қызы көргенің,
    Қылар еді опа саған-ай.
    Бұрынғыдай түсің жоқ,
    Әдетің қалай, бұл қалай?!
    90. Берер едім жорытсаң:
    “Қоса ағар!” деп дұғаны-ай,
    Енді жауап берейін:
    Өмірің болмас орнығып,
    Дүнияны осы кезгенің.
    Мақсатыңа жетерсің,
    Бірақ арманы көп пенденің.
    Қатесі болмас, ойға тұт,
    Осы айтылған сөздердің.
    Бұл кеткеннен, ау, балам,
    100. Дүниені кезерсің.
    Қап тауына барарсың,
    Срогі біткен кезінде.
    Ұшырасып, табарсың
    Қайнаған бұлақ, қара су.
    Суынан ішіп қанарсың,
    Шөліркеп барған бойыңмен.
    Есіңнен ауып танарсың,
    Тыңда, балам, бұл сөзді.
    Қайсысын оның қаларсың,
    110. Таптым ба, балам, түсіңді?!
    Айтайын, балам, құлақ сал,
    Көретұғын ісіңді.
    Ұлықсат бердім мен саған,
    Бітіре бер жұмысыңды.
    Енді Мәулімнің Пірінен ұлықсат алып, Кенжекейді іздеп шыққан жері:
    Жауап алып Пірінен,
    Қылды бала талапты-ай.
    Пірінің айтқан сөзінен,
    Бет алдына лағып-ай,
    Ықтияр кетіп өзінен.
    120. Күндер өтіп, ай бітті,
    Айлар өтіп, жыл бітті-ай.
    Қызды іздеп Мәулімнің,
fb2epub
Перетягніть файли сюди, не більш ніж 5 за один раз