bookmate game
ru
Безкоштовно

Машхур Жусіп Копейулы. Казак ауыз адебиеті улгілері. Екінші кітап. Шешендік орнектері

  • b2143386500цитує2 роки тому
    - Жеті қабат көктен келеді,- депті.
    - Жеті қабат көктен өте ала ма?- депті.
    - Өтеді,- депті.
    - Там үйдің төбесінен өте ме? - депті.
    - Өтеді,- депті.
    - Жеті қабат көктен өтіп келген рахмет, там үйдің төбесін сылап тастаған балшық пен тақтайдан өткен рахмет екі қабат шүберектен ете алмайды дегенге кім нанады?!- депті. Молда дәнеме айта алмапты. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деген - осы.
  • b2143386500цитує2 роки тому
    ір күн[і] құдағиы күйеу мен қызының күркесіне кіріп келсе, күйеу пақыр қалыңдығының аяғын қойнына салып жылытып отыр екен.
    - Ұрғашыдан құны кем неме екен ғой, мынаған еріп еліне барғанмен де, көп жаманның бірі болып кетермін!- деп, өкпелеп, сол жерден еліне қайтып кетіпті.
    Әуел Едіге, Орта Едіге, Ақыр Едіге,- үш Едігенің бірі болған Едіге би - осы кісі. Әлі осы күнге шейін: «Едігенің майлы жұрты»,- дейді. Бұл кісі Жиделібайсын барып, Хасар Күлептен келе жатып, Бұхарай Шәріпте бір мешітте намаз артынан бата қылғанда, қолын жеңінен шығармай, бата қылыпты. Сонда мешіттің имам молдасы:
    - Биеке, бата қылғанда, қолыңызды жеңіңізден шығарып бата қылыңыз, құдайдың рахметі жауады!- депті. Онда Едіге айтыпты:
    - Әуелі рахмет қайдан келеді?- депті.
  • b2143386500цитує2 роки тому
    қойнында қалады!
    Өлім деген, шіркін, өрт емес пе?!
    Осы айтылғандар -
    Оны сөндіретін су емес пе?!
    Ит өз құйрығын өзі көтеріп жүрмесе,
    Оның құйрығын кім алып жүрмек?! –дегені -
    Адам өз көңілін
    Өзі көтеруге керек»- дегені емес пе?!-
    дегенде, хан ұшып тұра келіп, сілкініп:
    - Менің өшкенім өнді, өлгенім тірілді. Алып кел малды, қыр да, сой. Мен жұртыма беремін зор тамаша той!- деп, «Тоғастың киітінен ханның Едігеге берген сыйыты артық болды!»- дейді.
    Сол Тоғас би Нақты кемеліне келтіріп, ырғап-жырғап, қыс ішінде ұзатқан екен.
    - Құдағиымды көріп қайтамын,- деп, Тоғастың бәйбішесі бірге жүрген екен.
  • b2143386500цитує2 роки тому
    мені тірілттің, тірілттің! Бұрынғылар: «Өшкенің өнсін, өлгенің тірілсін!»- дейді екен. Өшкен өнбек емес, өлген тірілмек емес.«Өшкен өнді, өлген тірілді»-деп, осындай орынға тұрған, көңілге қонған сөзді айтады екен.
    Көтере алмай жатқан басымды көтерттің, өзімді біржолата тұрғызып кетсейші! - депті.
    Сонда Едіге:
    Сенің бұл қайғың:
    Жиылған көптің тобында қалады,
    Түзу мылтықтың оғында қалады.
    Жүйрік аттың тұяғында қалады,
    Қыран құстың қияғында қалады.
    Жыландай иіріліп,
    Құйындай үйіріліп,
    Аққан судың бойында қалады.
    Ақ маралдай керіліп,
    Аяғын бір басуға ерініп,
    Ырғала басқан сұлудың қой
  • b2143386500цитує2 роки тому
    Теңізден - көбік.
    Ақ сұңқар әуелеп аспанға ұшты,
    Алтын қоңырау үзіліп жерге түсті.
    Хан, саған Құдайдың бір жабдығы түсті,
    Мойның жуан, көтересің күшті!
    Көтермегенмен, қайтесің?!
    Оны алған Құдай
    Одан да күшті, бұдан да күшті!-
    дегенде, хан басын көтеріп, көзін ежірейтіп, Едігеге қадалып қарай қалды:
    - «Көз таңбалы Арғында Едіге деген бір жас бала бар» деп естуші едім. Солмысың, басқа біреумісің, өзіңді танытшы! - деді.
    - Болсақ, болармыз! - деді.
    - Айтқан аузыңнан айналайын, сені көтеріп тапқан қатынның а... нан айналайын! Балам өлгелі бүгін сегіз күн болып еді. Осындай қылып бір жан сөйлеген емес. Сондықтан мен өліп жатыр едім, енді
  • b2143386500цитує2 роки тому
    бола ма? - деді.
    - Ертең о немеңнің басын, түсінен қорқып оянған жандай, бір көтертейін, мені алып бар!- деді.
    - Жарайды, бүгін қонағасыларыңды жеп, жайланып жатыңыз, не болса, ертең көрейік, -десті.
    Ертеңгі күннің таңы атып, күні шықты. Астарын ішіп, түннен қалған сарқыттарын жесіп, өздеріне өзі келіп, жайланып, сақадай сайланып, кәрі қатты Жәңгір ханның үйіне барысты. Бұлар саңғырлап сәлем беріп, кіріп еді: «Күндегі көп сәлемнің бірі ғой!» - деп, хан тебіренбей, тырп етпей жата берді. Сонда Едіге шарт жүгініп отырып сөйледі:
    Ақ сұңқар ұшты ұядан,
    Қол жетпейтін қиядан.
    Тұяғы бүтін тұлпар жоқ,
    Қияғы бүтін сұңқар жоқ,
    Тұлпардың тұяғы
    Тасқа байласа, кетіледі,
    Суға байласа, жетіледі.
    Теректен - бұтақ,
  • b2143386500цитує2 роки тому
    Қызы жоқ болып, ұлы болса, қыз беретұғын болып келіңдер. Өзін қонаққа шақырып келіңдер, «Елдің жайлауы, биенің байлауы болсын!»- деп, тоқтамасын, жарқырап жаз шығысынан, күркіреп көк шығысынан қалмай келсін!»
    Он жігіт келсе, Едіге қыздарын ор орынға атастырып беріп қойған екен. Алты қыздан соң туған Шоңға да қалың беріп қойған. Шоңға тетесі Қиғара, оған қалың берген жоқ болса керек. Сол Қиғараға Тоғас бидің Нақ деген қызын атастырып қайтты дейді. Едіге би бұл келген он жігітке он қара ат,он қара құлын жарғақ кигізіп қайтарыпты.
    Жарқырап жаз, күркіреп көк шығысымен: «Ат қара тел (тіл) болды»- десіп, Едіге би аттанып, бірсыпыра кісімен Тоғас бидің еліне барды. Тоғас бидің елі Күркілдек өзенінің бойында отыр екен. Қым-қуыт, шым-шуыт, азан-қазан, у-шу болып жатқан жұрт. Тоғас биге барып түсіп, көріскен соң, елдің ың-жың болып жатқан мән-жайын сұрады.
    - Мұның мән-жайы мынау,- деді,- елімізде: «Кәрі қатты Жәңгір хан» атанған ханымыз бар еді. Сол ханымыздың жалғыз баласы жардан құлап, жайрап қалғанына бүгін сегіз күн болды. «Мен қандай зарлап қалған болсам, жан-жануар, мал да, жан да мендей зарласын!» - деп, жаңа туып жатқан жас төлдің енесін өзеннің бір жағына, баласын өзеннің бір жағына қаматып, иіртіп, сегіз күн, сегіз түн болды - мал баласы жамырамағанына! Хан өзі теріс қарап жатып алды. Баласы өлгеннен бері нәр су татқан жоқ, ешбір жанға тіл қатқан жоқ. Елдің осындай күйзеліп тұрғандығы! - деді.
    - Ханның өзі Құдайдың құлы, Мұхаммедтің үмбеті ме?! - деді.
    - Құдайға құл болмаған, Мұхаммедке үмбет болмаған жан
  • b2143386500цитує2 роки тому
    қызы болса, айттырып келіңдер. Қызы жоқ болып, ұлы болса, қыз беретұғын болып келіңдер. Өзін қонаққа шақырып келіңдер, «Елдің жайлауы, биенің байлауы болсын!»- деп, тоқтамасын, жарқырап жаз шығысынан, күркіреп көк шығысынан қалмай келсін!»
    Он жігіт келсе, Едіге қыздарын ор орынға атастырып беріп қойған екен. Алты қыздан соң туған Шоңға да қалың беріп қойған. Шоңға тетесі Қиғара, оған қалың берген жоқ болса керек. Сол Қиғараға Тоғас бидің Нақ деген қызын атастырып қайтты дейді. Едіге би бұл келген он жігітке он қара ат,он қара құлын жарғақ кигізіп қайтарыпты.
    Жарқырап жаз, күркіреп көк шығысымен: «Ат қара тел (тіл) болды»- десіп, Едіге би аттанып, бірсыпыра кісімен Тоғас бидің еліне барды. Тоғас бидің елі Күркілдек өзенінің бойында отыр екен. Қым-қуыт, шым-шуыт, азан-қазан
  • b2143386500цитує2 роки тому
    жүретұғын аяқ жоқ. Кісі есебіне, адам санына қосылған жоқ екен, бұған құн бұйырмайды. Бұрынғы ата-бабамыздан қалған сөз бар еді: «Даушы құр қалмайды, жаншы құр қалмайды»- делінген. Бұл төбелеске екі «тоғыз» айып салу керек. Қатынды ұрған жағың түйе бастатқан «тоғыз» төлеуің керек. Қатынға болысып төбелескен жағың ат бастатқан «тоғыз» айып төлеуің керек. Түйе бастатқан «тоғызды» Тоғас бидің босағасына байлаңдар, ат бастатқан «тоғызды» Манас бидің босағасына байлаңдар! Бекболат пен екеумізге бітіріп қайырған абыройдың өзі олжа болуға толық!- депті.
    Бекболатқа барып айтқан, о да: «Пәлі!»- депті, Манасқа барып айтқан екен, о да: «Пәлі!» -депті. Тоғасқа барып айтқан екен, о да: «Пәлі!»- депті.
    Оның ырза (риза) болғандығы сондай - ақпан мен қаңтар - қыс ішінде он жігіт жіберіпті: «Едігенің
  • b2143386500цитує2 роки тому
    ЕДІГЕНІҢ ТОҒАСПЕН ҚҰДА БОЛУЫ
    (ЕКІНШІ НҰСҚА)
    Едіге би Жақсыдалбада Қарағайлы бұлақта отырған күнінде үйінің сыртына он жолаушы келіп түсе қалыпты. Ол заманда киіз үймен қыстап шығатұғын күн, үй сыртынан күрке тіктіріп беріпті. Оның артынан іле он кісі түсе қалыпты, оған да күрке тіктіріп беріпті. Қонағасыларын беріп, ертең таң атқан соң, бәрін үйге шақырып, құрт жылыттырып беріп отырып, жүрген-тұрған жөн-жобасын сұрапты. Сөйтсе, олар:
    - Ұлы жүз: Үйсін Тоғас бидің елінің кісісіміз,- десіпті.
    - Өз ұлтымыздан, ағайын арасынан бір ұрыс-төбелес болып, бір қатын бала тастады. Өз ортамыздағы биіміз Тоғас би: «Ағайын бірің оң көзімсің, бірің сол көзімсің: мен қанша түзу айттым дегенмен, жығылған жағың өкпелі боларсың! Көз таңбалы Арғында Манас би деген би бар, соған барыңдар!- деп, солай айдады.Ол Манас би: «Қаз дауысты Қазыбектің баласы - Бекболатқа барыңдар!» - деп, оған айдады. Ол Бекболат: «Үш жүзге үлгі айтқан Үйсін: Төле би жалғыз ауыз сөзіне риза (ырза) болып, барған жолына он «тоғыз» байлаған Едігеге барыңдар!»- деп, сізге айдады. Келіп отырған мән-жайымыз сол!- деді.
    - Ол қатыннан түскен түсік қайда?- деді.
    - Құрым киізге тігіп алып, қанжығамызға байланып жүрміз, - десті.
    - Кәне, алып келіңдер, көрейік!- деді.
    Тігіп тастаған құрым кигізді алып келіп,сөктіріп, көріпті. Көрсе, екі бөлек сүйек екен, егіз бала екен, бас, қол, аяқ - он екі мүшеден бір мүше жоқ, сурет бола алмаған екен.
    Едіге би сөйлепті:
    - Мұнда бастайтын бас жоқ, көретұғын көз жоқ, ұстайтын қол,
fb2epub
Перетягніть файли сюди, не більш ніж 5 за один раз