Кетуге ыңғайланып отырып, Абай Өтегелдіні әзіл етті: – Міне, бұған қала, көше, номер, адрестің не керегі бар? Сары иті бар, не мұңы бар? – деді.
Агжан Аманбекцитує9 років тому
– Ал, Абай, елдің амандығын айттың. Жә, енді өзің
Jalgyztauцитує3 роки тому
Келін үлкен үйдің төріне шықпайды, шықса да жарымынан аспайды, ене өлгенше немесе рұқсат бергенше ғұрыпты бұзбайды. Ал отау үйдің келіндері өле-өлгенше төрге шықпай өтеді.
Jalgyztauцитує3 роки тому
Аққұйрық – бұрынғы жүз сомдық ақшаны айтқан
Jalgyztauцитує3 роки тому
Мағаштың өлімі ерлік пен ездікті сынайтын өлім ғой. Ез күнде өледі, ер бір күнде өледі
Jalgyztauцитує3 роки тому
Балаларға ақылын бермейді, ашуын береді, оған бала ашуланады, ақылын ұға алмай қалады
Jalgyztauцитує3 роки тому
Бұл ел ең әуелі, биылғы жылдың діңкеге тиген азасы мен қысым қазасына жылайды. Аштан өлген ата-анасы, ісініп жатқан бала-шағасы, таусылып біткен шамасы – бәрі жиылып халықтың шындық жасын егілтеді.
Jalgyztauцитує3 роки тому
"Нелер жылаған, зарлағанды өзі уатқан аға, әке емес пе еді?.. Оның қайғысына жұрты қоса қамығады... Қасынан табылады... Ерінен айрылса да, елінен айрылу жоқ!.. Қамалаған қарындас халқын ойласын"
Jalgyztauцитує3 роки тому
Оқымаған қазақта көңілі даңғыл, тілі бір жан болар