bookmate game
kk
Безкоштовно
Жүсіпбек Аймауытов

Қартқожа

154 паперові сторінки
Уже прочитали? Що скажете?
👍👎

Враження

  • b1253461795ділиться враженням4 роки тому
    🎯Корисна
    💞Романтична
    🚀Неможливо відірватися
    😄Весела
    💧Зворушлива

    Ғаламат туынды. Қартқожа есімді жігіттің образы арқылы автор күллі қазақ кедейінің, қазақ жұртының ахуалын көрсете, сезіндіре білген. Жүрегімде қалады бұл шығарма

  • b6938942103ділиться враженням3 роки тому
    👍Раджу

    Егер қазақша әдебиет іздесеңіз, осы кітап тамаша келеді. Тез оқылады, түсінігі нық, мазмұны оңай.
    Оқуға кеңес берем)

  • b7951977696ділиться враженням3 роки тому

    Керемет жазылған!!!!!!

Цитати

  • Amina Kapalbaiцитує4 роки тому
    деді. Шідербай: «Е, қамдалады ғой»,— деді. Сәдуәлі еріп келгеннен-ақ, лау мінерін сезіп, Шідербай шәкіртпен әңгімелескенде де, лау мәселесі бүйрегінің бір жағында отыр еді. Нақ жылқы тор байтал еді, онымен түйе қарап кетті. Көк биені берсе, орыс сияқты, қоқақтаған шіркін қатты жүріп, қинап тастайды-ау. Жоқ әлде көкжалдың өзін бере ме? Оны суытып жіберіп еді, қара аттың арқасының шиі бар, шығып кете ме? Кім біледі? Бұған лайық қандай жеңіл қол жылқы болар екен? Міне, Шідербайдың манадан ойлап отырғаны осы еді. Бір жақсы ой сап ете түсті. Кідірмей-ақ: «Қартқожа, сен құнаныңа мініп, бұ кісіге ер-дағы, Балдекең аулына дұрыстап апарып сал»,— деді. (Қалай «дұрыстайтынын» құдай біледі.) Қартқожа ойланбай-ақ: «Жарайды ғой»,— деді, өйткені оңаша сөйлесуге құмар еді, құнанның қиналатыны ойына да келген жоқ. Шідербай «Ретін қалай тауып жібердім!» деген кісіше, мұртынан бір жымиып, «пәледен» тезірек құтылғалы: «Қатын, тұр, аяқ жуғыз, қымыз құй мына кісіге»,— дей бастады. «Қартқожа, шайға алданбай-ақ сенде осыдан қымыз ішіп шығарсың»,— деп, мейірімі түскен кісім болды, сөйтті де ат қамдатуға тысқа шықты.

    Бір аяқ қымызды ішті де, Қартқожа жүген алып, қотанда үйездеп тұрған көк құнанын ұстап, үй қасына алып келді. Желқом ерді шандырлап тұрып, мықтап ерттеді. Сөйтті де, үйге кіріп, әжесіне лау апаратындығын айтып, қамшы алып, белін буынып тысқа шықты. Қол-аяғы жерге тимей, құнтыңдап жүр. Құнанын шешіп алып, мінгелі жатқанда, келіншегінің қойнынан жаңа тұрған ағасы жалаң аяғына кебіс іліп, бір қолымен тақылжырын дырдыр қасып, бір көзін сығырайтып: «Уай, сен қайда барасың?»— деп еді, Қартқожа: «Лауға барамын», —
  • Сымбат Каирбекцитує6 років тому
    «Сұлу — сұлу емес, сүйген — сұлу»
  • Айым Дуйсенбековацитує2 роки тому
    Тобықтыда бір қазақ жиырма шақтысын қонақ қылып, бір үйге жатқызып, пешті шаласымен жапқызып, иіс тигізіп қатырған. Қаракесекте бір ер қазақ жігіттерден әтірет жасап, шетке шыққандарын өлтіріп, қаруын алып отырған.

На полицях

fb2epub
Перетягніть файли сюди, не більш ніж 5 за один раз