Екі бекзат өз жұртын іздей барды,
Шаһарын жансыз барып аралады.
Патша болған әкесі олмай, өзге біреу,
Бұл әкеміз қайда деп қайран қалды.
Базарды оңды-солды аралады,
2800. Үш күн іздеп әкесін таба алмады.
Қайыр сұрап жүр екен қоржын салып,
Бір көшеден кез болып тауып алды.